Ақтөбе тұрғынын қорқытып, 15 млн теңгесін алмақ болған күдікті қамауға алынды

22:11, 31 қаңтар 2023

© Сурет: polisia.kz

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе тұрғыны К.Р.М. белгісіз адам дене жарақатын салып қорқытып, 15 млн теңге бопсалағанын айтып арызданған. Қызметкерлер 34 жастағы ер кісіні анықтап, жәбірленушіден ақшаны бір бөлігін алып жатқанда ұстады.


Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!