Ақтөбе соты дәрігерді аяусыз пышақтаған жігітті ақыл-есі кем деп танып, босатып жіберді

09:25, 24 қыркүйек 2018
407

Ақтөбе соты дәрігердің кабинетіне кіріп шабуыл жасаған жігітті ақыл-есі дұрыс емес деп танып, тұрғылықты мекенжайы бойынша емделуге жіберді, деп жазады sputniknews.kz.

Жайсыз жағдай биылғы жылдың маусым айында болды. Қолында пышағы бар жас жігіт дәрігердің кабинетіне кіріп келіп, медициналық қызметкерді бірнеше жерінен аяусыз пышақтаған.

Десе де аталған басылым жас жігітті кімнің қалай ұстап тұрғаны туралы мәлімет келтірмейді. Сол күні полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған екен. Қылмыстық іс "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізілді. Күдіктіні полиция ұстағанға дейін ол көпқабатты үйден секіріп, жарақат алған.

Ақтөбе облысы ауданаралық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде жас жігіт ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұның орнына оған емханадағы психиатрда емделу міндеттелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!