Ақтөбе прокуратурасы ұрыларға көмектесетін сайттарды жапты

16:31, 18 қыркүйек 2018
346

Ақтөбе қалалық прокуратурасы 30 сайтты жабуға арыз түсірді. Сот прокуратураның арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қалалық прокуратурасы 30 интернет-сайтты жабуға арыз түсірді. Сайттың көбі ұрлық жасауға ыңғайлы заттар сатады. Онда көліктің дабылын сканерлеп, оңай ашуға болатын заттар еркін сатылып, сұранысқа ие болған. Ақтөбе қалалық сотты прокуратураның арызын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта прокуратура ұрлық жасауға арналған заттарды сатып алған адамдарды анықтау жұмысын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, ақтөбелік полиция қызметкерлері көлік ішіндегі сөмке мен аккумулятор ұрлығы жиі тіркелгенімен, айнаны шешіп алу мүлде болғанын айтты. Ал пәтер ұрлығы кезінде есіктегі құлыптың кілтін сәйкестендіріп, пластикалық терезе арқылы оңай кіру дерегі жиі тіркелген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!