Ақтөбе полициясында пара алу дерегі анықталды

17:13, 22 ақпан 2019
631

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының лауазымды қызметкерілері пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

- Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментімен Ақтөбе қалалық ПБ Астана аудандық №2 полиция бөлімі жедел қызмет бастығының орынбасары (полиция майоры), аға жедел уәкілі (полиция капитаны) және аталған бөлімнің жедел уәкілінің (полиция аға лейтенанты) пара алу дерегі анықталған, - деді Бастарова.

Олар бір топ адамның алдын ала келісім арқылы ер адамнан оның ұлын қылмыстық жауапкершілікке тарпау үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

14-ақпан күні жедел уәкілдердің бірі кінәсін толық мойындағаны үшін ол үй қамаққа алынды, ал басқа жедел уәкілге қатысты қамауға алу шарасы қолданылмаған.

- Бастықтың орынбасарына қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр, - деді Ұлттық бюро өкілдері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!