Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жұмсартылды

14:49, 24 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша шектеулі карантиндік шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, енді "Ashyq" жобасына қатысушы объектілер сағат 03.00-ге дейін, "Ashyq»"жобасының көшбасшылары сағат 05.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакциналау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Облыс территориясында ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беріледі. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат.

Сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат етіледі.

Жаңа қаулының мәтінімен мына жерден толығырақ танысуға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!