Ақтөбе дәрігерлері сары аяз бен көктайғақта абай болу керектігін ескертеді

15:40, 16 қаңтар 2018
290

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасынан аяз маусымына байланысты көмек сұраушылар көбейген. Алғашқы көмек бөліміне бір күнде 30-ға жуық адам келеді, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

Демалыс күндері дәрігер көмегіне жүгінгендер саны 70-тен асқан.

«Демалыс күндері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт адам түсті. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Тағы да жарақат алған үш адам түсті, оның ішінде спортпен айналысатын екі адам жарақат алған, бір адам қайнаған суға күйіп қалған», — дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Мамандар ауа райына байланысты тайғақтан жарақат алатын адамдардың да аз емес екенін айтуда. Дәрігерлер ересек адамдардың тайғақ күндері қарапайым сақтық шараларын сақтауын ескертеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!