Ақтаулық оқушы мен мұғалім «Антивирус» терминалын ойлап тапты

15:12, 7 желтоқсан 2021
194

© Сурет: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Құрылғы Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектепке сынақтан өткізіліп жатыр

Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектептің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Антивирус" терминалы ең алдымен, адамның дене қызуын өлшеп, қолды автоматты түрде ультрадыбыстық датчик арқылы залалсыздандырады. Арнайы тетіктер арқылы терминалдан бетперде алуға болады әрі оған «Ashyk» қосымшасы да орналатылыпты.

 

Қазіргі таңда белең алған коронавирус пандемиясынан құтылудың бірден бір жолы – бетперде тағып, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, адамдармен қарым-қатынасты азайту деп дәрігерлер ескертіп жатыр. Осындай терминал  барлық білім ошақтары мен балабақшаларға, қоғамдық орындарға орнатылса, індеттен тезірек арылуға аз да болса септігін тигізеді деп сенемін.  Марат Атаназаров

Терминал адам көп шоғырланатын орындарға қоюға арналған. Басты артықшылығы – автоматтандырылғандығы. Құрылғыны қашықтан бақылап, күтіп-ұстау мақсатында арнайы бейнекамера орнатылған.

0

Сурет: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өнертапқыштар жуырда өткен «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен 1- ші орын иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алыпты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!