Ақтауда жұртты дүрліктірген блогерге ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

15:09, 5 наурыз 2021
584

© Сурет: Pixabay

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті блогер жасырған сағатты іздеймін деп Каспий теңізінің жағалауында жиналған бір топ адамға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес 30-дан 230 АЕК-ке дейін (87,510-ден 670,910 теңгеге дейін) айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ ол елдегі барлық шектеу шаралары облыстағы бас санитарлық дәрігерледің қаулыларына сәйкес, әлі өз күшінде екенін еске салды.

Блогер Нұрдәулет ("Қарапайым қазақ") 4 наурызда Instagram-да теңіз жағалауына "ақылды сағатын" жасырғанын жария етті. Кейін куәгерлер оның парақшасына жазылушылардың топтасып жүргенін видеоға түсіріп алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!