Ақтауда жаңа индустриялық аймақ құрылды

20:36, 27 наурыз 2017
509

Ақтауда 18 жылдан бері тоқтап тұрған пластикалық массалар зауыты жаңа индустриялды аймаққа айналатын болды.

Жергілікті билік отандық және шетелдік инвесторларды зауыт алаңында өз жобаларын жүзеге асыруға шақырып отыр. 200 гектарды алып жатқан кәсіпорын аумағында өндіріс орнын ашуға барлық жағдай жасалған. 

Қажетті инфрақұрылым толық жүргізілген. Ақтау теңіз порты мен темір жол вокзалына жүк таситын шойын жол да төселген. 

Рақымбек Әміржанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:  

-Қазіргі кезде 30 компаниядан сұраныс бар. Оның ішінде бесеуі жұмысын бастады. Соның арқасында 50 жұмыс орны ашылып жатыр. Болашақта мақсатымыз – сол индустриалды аймақтың шығынын ең арзан бағамен ұстау. Газ, су бәрі келіп тұр. Олардың бағаларын, шығынын тауарлары арзан болу үшін мүмкіндігінше ең арзан етеміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!