Ақтауда түсірген. Елбасының үлкен немересі желіге видео жүктеді

17:47, 19 қараша 2019

Қазақстандық кәсіпкер, экономист және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиев Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасына Каспий теңізінің жағасында түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Ладаға сілтеме жасап.

Нұрәлі Әлиев Ақтауға Нұр-Сұлтаннан келген делегаттармен бірге келді.

19 қарашада Инстаграмдағы парақшасына Нұрәлі Әлиев Ақтауда түсірген видеосын жүктеді.

Ақтауға Нұр-Сұлтаннан келген жұмыс тобының құрамына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин да бар. Бұл сапарда елордалық делегаттар мынандай іс-шараларға қатысуы жоспарланған: WestGasOil метанол өндіретін зауыт құрылысына капсула қою, қонақ үй және туристік кешен құрылысының барысымен танысу және "Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін құрылысты бастау рәсіміне қатысу.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!