Ақтауда пәтерін зарарсыздандырған келіншектің кесірінен көршісінің баласы көз жұмған

16:49, 27 қаңтар 2020
366

Ақтауда өзінің қамсыз әрекеті бала өліміне әкеп соқтырған әйел екі жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ақтау қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 2 тармағына сәйкес қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ол базардан үндінің "Квикфос" атты жәндіктерді улайтын дәріні сатып алып, оны пәтерінің әр бөлмесіне үлестіріп қойып, кетіп қалған. Салдарынан көршінің баласы уланып, қайтыс болды.

Сотта айыпталушы Н. улы дәріні өзінің пәтеріне көршілеріне ескертпестен қолданғаны айтылды. Ол барлық бөлмеге улы препараттың 4-5 таблеткасын қолданған, сөйтіп үйден шығатын барлық тесікті жабысқақ лентамен жауып қойған. Салдарынан оған көрші тұратын үйдегі кәмелетке толмаған жәбірленуші Ж. уланып, Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті, ол есін жимаған күйі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлады сот.

Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 2- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ол ең төменгі қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!