Ақтауда футболдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

15:45, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

"Каспий" ойыншыларының жеңілісі "Жас қанат" стадионындағы жаппай тәртіпсіздікке түрткі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан кубогының ширек финалында ақтаулық "Каспий" мен "Астана" командасы арасындағы 22 қыркүйектегі қарымта кездесуі 1: 0 есебімен, жеңіс қонақтардың пайдасына шешілді.

Видеода наразылық сипатындағы ысқырықтан кейін бөтелкелер мен басқа да бөгде затта трибунадан алаңға қарай ұшты, балағат сөздерге жол берілді. Кейін ойыншылар арасында өзара жанжал басталды.

Біреу лақтырған доп астаналық клубтың жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянның аяғына тиді. Алаңда екі команданың ойыншылары да жаға жыртысып қалды.

Тәртіп сақшылары алаңға жүгіріп, жағдайды реттеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!