Ақтауда екі студент пышақтан жарақат алды

15:32, 12 желтоқсан 2018

Маңғыстау политехникалық колледжінің екі студенті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп жазады sn.kz.

Бұл оқиға 11 желтоқсан күні Маңғыстау политехникалық колледжінде болған. Екі жәбірленушіні жедел жәрдем көлігі сағат 13:30 шамасында ауруханаға жеткізген. Студенттердің қалай пышақ жарақатын алғаны белгісіз.

Еске салсақ, Ақтауда осы жылдың шілде айында саунада массаж жасаушы мен екі қыз пышақтасқан болатын. Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ауруханасына пышақ жарақатын алған ер адам жеткізілген еді. Ал Ақтауда қазан айында пышақтан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!