Ақтауда екі бірдей адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

20:32, 17 тамыз 2022
169

© Сурет: polisia.kz

Таңертең 14-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен зорлықпен -лт3р3лген ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық полиция департаменті мен прокуратура басшылығы аттанды.

Жедел іздестіру барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтiру) бойынша тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!