Ақтауда әйел 9 жастағы ұлын өлтірді

16:15, 16 қазан 2018

Ақтауда әйел адам тоғыз жастағы баласын өлтірді, деп хабарлайды sputniknews.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға 14 қазанда 5-ші шағын аудандағы 3-үйде болған. Әйел адам тоғыз жасар ұлының қол-аяғын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген. Ер бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқиды екен.

"Күйеуімен айырылысып кеткен, бірақ әкесі баласымен жиі кездесіп тұратын. Соңғы екі айда өзін бір түрлі ұстап жүрді. Үнемі мектепке барып, ұрысысып қайтатын", — деп еске алады күдіктінің жақын таныстарының бірі.

Күдіктінің танысының сөзіне сүйенсек, полиция әйелді қылмыс орнында ұстапты. Ол айыбын толығымен мойындап, еш қарсылық көрсетпеген.

Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде мұндай хабар тараған жоқ. Мектеп директоры Гүлден Иманғалиеваның сөзіне жүгінсек, бүкіл қажетті мәлімет құқық қорғау органдарына берілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!