Ақтауда дүкенге тапаншамен кірген ер адам ұсталды

09:54, 20 шілде 2018

Ақтаулық полицей дүкенге тапанша алып кірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Хабар 24.

32Б мөлтек ауданындағы шағын маркетке 25 жастағы жігіт суық қарумен келеді. Абырой болғанда, осы сәтте дүкенге су алуға полиция қызметкері кіреді. Тапанша ұстаған мас адамды көрген бойда жедел қимылдап, қаруын тартып алады. Дереу қосымша көмек шақырып, қолға түскен күдіктіні тапсырады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Пневматикалық қаруды қандай мақсатпен алып жүргені тергеліп жатыр.

– Ер адам ішкен күйінде дүкенге тапаншамен кірген. Қаруды тәркілеп, жедел топқа тапсырдым. Ол қарудың пневматикалық қару екені анықталды. Бұл азаматтық қызметтік борыш болып есептеледі. Қоғамдық орын болғандықтан, мұндай нәрсеге көз жұмып кете алмаймын, - дейді облыстық ІІД ЖПҚ аға сержанты Нұрғали Асқаров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!