Ақтауда бір жасар бала балабақшада көз жұмды

09:59, 9 желтоқсан 2019

Ақтауда балабақшада бір жасар бала көз жұмды. Кейін ол балабақша емес, біреудің жеке үйі екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Үйде отырған әйел адам бала күтуші қызметімен айналысқан. Ол жекеменшік балабақша ретінде тіркелмеген пәтерінде балаларға қараған. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Қайтыс болған балаға қараған күтуші әйел үш бөлмелі пәтерде күйеуі және бес баласымен тұрады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, әйелдің пәтері жеке балабақша ретінде тіркелмеген.

- Әйел сол күні ата-аналардың өтініші бойынша бірнеше балаға қараған. Сол күні, 6 желтоқсанда, қайтыс болған баладан бөлек тағы екі баланы қараған, - дейді қалалық білім бөлімі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!