Ақтауда бір жарым жасар бала өліміне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет жарияланды

11:45, 10 желтоқсан 2019
415

Ақтауда бала күтушіге қалдырылған бір жасар сәбидің өліміне қатысты егжей-тегжейлі мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Ақтау полициясы бала өлімінің мән-жайын тексеруде. Бір жарым жастағы сәби бала күтушінің үйіне келгеннен кейін бірнеше сағаттан соң қайтыс болды. Ата-анасы алғаш рет бала күтуші қызметіне жүгіндерін айтады, ал бала күтушісі дәрігерлерге: "нәресте жылап-жылап ұйықтап қалды, біраздан кейін қарасам ол көкпеңбек болып жатыр екен" деген. Бала күтуші жалға алған пәтерде тұрады. Ол үйде отырып, ақша табу үшін бала бағумен шұғылданған. 6 желтоқсанда ол бір жарым жасар баланы алып қалады. Кейін бала күтуші дәрігерлерге: бала үнемі жылай берді, түстен кейін ұйықтап қалған, содан оянбады деген", - дейді телеарна тілшісі.

Жайнагүл ІЛЯСОВА, Маңғыстау шұғыл жедел жәрдем көмегі стансасы директорының орынбасары:

- Жылап-жылап, содан кейін ұйықтап қалды. Одан кейін бір қарағанда бала күтуші оның көкпеңбек болып кеткенін көрген. Сөйтіп 103 нөміріне дереу қоңырау шалған. Жедел жәрдем барғанда бала дәлізде жатқан, ешқандай тыныс алу белгілері жоқ, ес-түссіз күйде, денесі суып кеткен, көгерген.

Дәрігерлер бала күтуші мен ата-анасының көзінше баланың өлгенін тіркейді. Бірақ отбасы оған сенбей баланы жан сақтау бөліміне жеткізуді талап етіп отырып алған. Осындай эмоционалды қысымның салдарынан ол балалар ауруханасына жеткізілді. Балада туа біткен дерт тіркелмеген.

Бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бала күтушісі, әзірге бостандықта, ол тергеуге куәгер ретінде тартылуда. "Ақтаудағы жеке бала күтушілердің қызметін бақылау мүмкін емес", - дейді қалалық білім бөліміндегілер. Мамандар сонымен бірге баланың өліміне ата-анасының да кінәсі бар деп санайды.

Ақмарал БАЙСАХАНОВА, Ақтау білім беру бөлімі жанындағы Мектепке дейінгі білімді дамыту кабинетінің меңгерушісі:

- Ата-аналар сұрауы керек, арнайы рұқсат қағазы бар ма бала бағуға деген. Біз рұқсат қағаз береміз. Бірақ кім көрінгенге емес. Оның өзіндік тәртібі бар. Тіпті, рұқсат қағазы болмаса да бала бағуға мамандығы сай келе ме, соны сұрауы керек қой. Әрине, бұл бала бағушы мен оған баласын тапсырушы арасындағы келісім, оған біз араласа алмаймыз.

Өлімнің нақты себебі бір айдан кейін белгілі болады. Гистология нәтижелесін алу үшін осынша уақыт керек. Бірақ жедел жәрдем қызметіндегі дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!