Ақтау жастары жаппай төбелеске шықты

08:32, 23 қыркүйек 2019
190

Ақтаудың 12-ші ықшамауданындағы №61 үйдің жанында болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz "Лада"-ға сілтеме жасап.

Ондаған адамның қатысуымен болған оқиға 22 қыркүйекте шамамен кешкі сағат 19:30-да видеоға түсірілген.

Куәгерлердің айтуынша, төбелескен жігіттер бір-біріне тас пен бөтелкелер лақтырған, сонымен қатар пневматикалық қару қолданған.

Видеоны полиция тексерді.

- Бұл төбелестің барлық қатысушылары ұсталып, жауап алу үшін жергілікті полиция қызметіне жеткізілді. Аталған дерек қалалық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір