Ақтау қаласын көгалдандыру үшін 320 ағаш егілмек

17:08, 22 қыркүйек 2020
1796

Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызылатын аумақтың жалпы көлемі 960 метрді құрайды. Көшеттің 160-ы жапырақты ал 160-ы қылқан жапырақты.

Күзде ағаш отырғызу суық ауа райының басталуынан 15-20 күн бұрын аяқталуы керек. Ақтауда ағаш отырғызу ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта 7 мың шаршы метр көгал егу де жоспарда тұр.

Қазіргі уақытта Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. 2019 жылы қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3000 дана раушан гүлі, 12 000 дана бұта, 218 000 дана бір жылдық гүл отырғызылды. Қалаға осы жылы тек 5 мың шаршы метр көгал егілді, орталық көшелерге бір жылдық гүлдер мен раушан гүлдері отырғызылды.

Биыл жаңадан суару құбырлары шағынаудан периметрлеріне, саябақтарға, скверлер және әуежай жолына орнатылып бастады. Гүл мен газон егілген жерлерге жаңбырша шашыратып суару әдісі қосылды. Бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Шашырата суару әдісі бойынша жасалған құбырларды тексеру жұмыстары жүруде. Жарылған жерлері жасалып, қала аумағында құбыр жоқ жерлерге жаңасы орнатылады. Жоспар бойынша жол жиектеріне орнатуды көздеп отырмыз, - деді "Қала жолдары" ЖШС басшысы Ғалымжан Серікбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!