Ақсу ауданы полиция бөлімінің әдепсіз бастығы жұмыстан қуылды

16:57, 5 мамыр 2021
373

© Сурет: видеодан кадр

4 мамырда әлеуметтік желілерде Ақсу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы болған Ішкі істер органы қызметкерінің әдепсіз мінез-құлқының видеосы тараған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы жағдайға байланысты Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев түсініктеме берді.

Аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс жасауда өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, оны қызметінен босату туралы баянат жазды. Дегенмен, осы дерек негізінде, менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаға объективті баға берілетін болады, деді Күдебаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!