Ақшадан қысылған жас қыз туысының атынан онлайн несие алыпты

11:38, 16 шілде 2020
397

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша бейтаныс тұлға оның атынан 60 000 теңге онлайн-несие алған. Екі жылда қарызы 300 000 теңгеден асып кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Қазығұрт ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің туыс қайынсіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші 2018 жылдың шілде айында туысынан онлайн-несие алуға өтініш тастап беруін сұраған. Содан күдікті жас қызда жымысқы ой пайда болып, ол жәбірленушінің атына онлайн-кредит рәсімдеп, мақұлдауды алғаннан кейін, ақшаның бір бөлігін иемденгені белгілі болды. Күдіктінің бас шарасы "міндеттеме". Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз мен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!