АҚШ-тың атақты музыкалық телеарнасынан алғаш рет қазақша ән шырқалады

10:59, 1 қазан 2020

АҚШ-тың MTV телеарнасынан Димаштың қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнеклипі көрсетіледі. Ол кәрі құрылықта өнерін мойындатып, қазақ тіліндегі бейнежазбасын ұсынған тұңғыш қазақ әншісі. Клипті MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз!", – деп dimashnews.com сайты Димаштың лебізін жеткізеді.

Бейнеклип Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында жүктелетіні белгілі болды (Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығы). Бұл - Америкада жұмадағы прайм-тайм. Дәл осы уақытта көрермендердің назары MTV арнасына ауады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!