АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық жүзушілер төрт медаль жеңіп алды

17:45, 9 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.

200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.

Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!