АҚШ-та кәрі әйелдің қолына кіріп алған жігіт қазақстандықтарды альфонс болуға шақырды

16:47, 30 қазан 2018
989

20 жас шамасындағы қазақ жігіті жерлестерін АҚШ-та альфонс болуға шақырды. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі түрлі топтарды жарияланып жатыр деп жазады sn.kz.

Видеода жігіт көліктің алдында отыр. Жанында жайдары жүзді әйел бар.

«Жігіттер, Америкада жұмыс істеу қиын екен. Менің жаңа әйелім - Стефани. 50 жаста. Альфонс болу өте оңай. Сұрақтар болса, 55-58 жастағы құрбылары бар. Өте әдемі. Мұсылман емес. Бірақ өзім мұсылман қылып алғам. Шошқа жемейді. Тамақ істейді. Ақша бар, көлік бар. Жақсы әйел. Бірақ көп сөйлейді», - деген жігіт жанындағы әйелді түсінбейтінін, ағылшынша үйренбегенін айтады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!