АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған 15 жасар жасөспірімді атып кетті

09:49, 22 мамыр 2020
161

18 мамырда Американың Шарлотта қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 15 жастағы қазақстандық Роман Кичигинді атып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Charlotteobserver-дің хабарлауынша, бозбала кісі тонаушылардың құрбаны болған.

Жасөспірім 16 жасқа толуына бір ай қалғанда марқұм болды.

Роман Кичигин BMW маркалы автокөліктерді сатып алып, жөндеп, оны қымбат бағамен сатумен айналысады. Бұл күні ол қатарынан үш көлік сатқан. Өкінішке орай, төртінші көлікті сату әрекеті қарулы тонауға айналады. Жасөспірімге оқ тиіп, ауыр жарақат алады. Романның қасында анасы болған. Кейін ол ауруханада қайтыс болды.

Полиция кісі өліміне күдікті - 18 жастағы жігітті ұстады.

Жерлеуді ұйымдастыруға жергілікті тұрғындар 41 мың доллардан астам қаражат жинады.

Романның отбасы АҚШ-қа 2014 жылы Семейден қоныс аударғаны белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір