АҚШ пен Қытай сауда-саттық шиеленісі салдарынан мұнайдың бағасы құлады

17:13, 13 тамыз 2019

Халықаралық нарықта Brent маркалы мұнай бағасы құлдырау үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде қара алтынның бағасы 0,8% төмендеді.

Мұнай бағасының бұлай құлдырауына Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық кикілжіңдері әсер етуде.

Еске сала кетсек, 9 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп қыркүйек айында Вашингтонда болатын келіссөздер болмай қалуы мүмкін деп мәлімдеді. Сонымен қатар, дәл сол күні Сауд Арабиясы да ақпарат таратты. Олар қыркүйекте күндік мұнай экспорты көлемін 7 миллион баррельден төмен ұстау жоспарлары барын мәлім етті. Шетелдік сарапшылар Сауд Арабиясы мұнай бағасын өз еркімен құлдилатуға дайын деп бағалайды.

Бұған дейін халықаралық энергетикалық агенттік 2019 жылы әлемдік мұнайға деген сұраныстың күрт төмендейтінін көрсететін рейтинг жариялаған. Онда бір тәулігіне 100 мың баррельге дейін кему көрсеткіші көрсетілген. Сонымен қатар, Bank of America мәліметтері бойынша, алдағы күндері мұнайдың бір баррелінің құны 30 долларға дейін түсуі мүмкін. Сарапшылар Қытай АҚШ-тың санкциясына жауап ретінде Иран мұнайын сатып алуды жөн деп шешсе, онда шикізаттың арзандауы мүмкін деп те болжайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!