АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға ақпанның басында келеді

15:40, 24 қаңтар 2020

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ақпанның басында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді журналистерге Помпеоның елімізге жоспарланған сапары 1-2 ақпанға белгіленгенін айтты.

Сапардың мақсаты мен талқыланатын мәселелер жайы, әзірге белгісіз.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға 5 қаңтарда келуді жоспарлаған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтыны хабарланған. Бірақ 2 қаңтарда Помпео Ирактағы АҚШ елшілігінде болған тәртіпсіздіктерге байланысты бұл сапарын кейінге шегеруге мәжбүр болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!