Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

15:59, 6 мамыр 2021
391

© Сурет: ҚР АҚДМ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды.

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауданында туған.

Білімі:

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

1992-1993 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Қаражанбасмұнай" АҚ инженері.

1993-1995 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.

1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.

1997-1998 жылдары - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары - Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.

2000-2004 жылдары - Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.

2005 жылы - Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2006-2007 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.

2007-2010 жылдары - Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2010-2012 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2014 жылдары - Nur Otan партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2015 жылдары - Nur Otan партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.

2015 жылы - Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015-2019 жылдары - Nur Otan партиясының Xатшысы.

2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2020-2021 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!