Ақпанда Нұр-Сұлтанға жауған қар мөлшері нормадан 3 есе жоғары болды

16:46, 27 ақпан 2020

2020 жылғы ақпанда елордада жауған қар мөлшері нормадан 3 есе жоғары болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Норма 15 мм болса, жауған қар мөлшері 44 мм.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада көктайғақ пайда болды. Дабылды ескерту сақталды. Қатты жел соғып, қардың мөлшері 44 мм құрап отыр. Ал норма 15 мм құрайды. 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні 9 мм қар жауды, бұл жарты айлық нормадан жоғары. Қаңтар айында жауған қардың мөлшері нормадан 3 есе артық болды, норма-16 мм, түсті - 53 мм", - деді "Қазгидромет" РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт.

Осылайша, қарашада 47 мм (норма 28 мм), желтоқсанда - 39 мм (норма 22 мм ), қаңтарда - 53 мм (норма 16 мм) қар түсті.

Өткен қыста 102 мм қар түсті. Биыл қараша-ақпан айларында 183 мм астам қар түсті, бұл нормадан екі есе артық.

27 ақпанда қар тазалауға 1,5 мың арнайы техника мен 1605 жол жұмысшылары шықты. Көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, су жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 4 млн 840 мың текше метр қар шығарылды (403455 рейс).

Барлық бағыттар бойынша трассалар жабық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!