Ақмолада «жұмысын тоқтатсын» деп сот үкімі шыққан зиянды зауыт әлі жұмыс істеп тұр

09:45, 28 ақпан 2020

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы медициналық қалдықтарды өртейтін зауыт жақын арада басқа жерге көшіріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев арнамызға берген сұқбатында айтты, - дейді astanatv.kz.

2017 жылдан бері кәсіпорыннан шыққан түтінмен уландық деген қос ауылдың тұрғындарынының жанайқайын күні кеше көрсеткен едік. Санитарлық мамандар медициналық қалдықтар өртелген жердегі түтін құрамында, халықтың денсаулығына зиян келтіретін 5 түрлі заттың барын растаған болатын. Жағдайдан хабардар министр, бұқараның жанайқайы жерде қалмайды деді.

Мағзум МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

- Зауыт жаңа жерге көшірілу жоспарланған. Демек, инвестор, сол зауыттың қожайындары жер учаскесін сұрады. Осы халықтың мұқтажын ескере отырып және халықтың талабын ескере отырып біз сол зауыттың қожайындарымен сөйлестік. Сондықтан, көшіру мәселесі біздің бақылауымызда.

Бұл мәселе сотта қаралып, сот 4 желтоқсан күні "компания жұмысын тоқтатсын" деген шешім шығарған еді. Алайда кәсіпорын өз жұмысын жалғастырып келді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!