Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

12:37, 28 ақпан 2020
809

Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры лауазымына аға сот кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айдос Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында туған. Заңгер білімі бар.

Алматы облысындағы екі ауданның прокуроры болып жұмыс істеген.

Ол Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, сонымен қатар Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Осы тағайындауға дейін ол Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметін атқарды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2014 ж.) медалімен марапатталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!