Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, 1 әйел мен 5 бала зардап шекті

17:43, 9 қазан 2018

Ақмола облысы Аршалы ауданында жылу қазандығы жарылып, 6 адам зардап шекті деп жазады sn.kz

Жылу қазандығы жарылған кезде үйде 1981 жылғы әйел мен 5 бала болған.

«Түрлі жарақат алған әйел мен балалар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер қарауында болған 6-ауы да кейін үйлеріне қайтарылды», - деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 6 құтқарушы жеткен. Қазандықтың неге жарылғаны анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!