Ақмола облысында сарбаз қарауыл бекетінде өзін-өзі атып өлтірген

13:57, 20 тамыз 2018

Ақмола облысының Степногорск қаласында әскери борышын жедел өтеп жатқан сарбаз қарауыл бекетінде атылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының дерегі бойынша, тамыздың 18-і күні таңғы сағат 7:25 қатардағы жауынгер Роман Данияев түзету мекемесін күзету кезінде өзіне бекітілген қарудан басынан атылып қалды.

Ол сол жерде жан тәсілім етті. 21 жастағы жедел әскери қызметкер Қарағанды облысынан әскер қатарына шақыртылған.

«Қызметті терргеу тағайындалып, оның мұндай қадамға бару себебі анықталуда. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы және 3517 әскери бөлім қатардағы жауынгер Роман Данияевтың туыстарына көңіл айтады», деп түсіндірді ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Дос.

Оның айтуына қарағанда, қаза болған жауынгердің ата-анасына бірден хабар беріліп, денесі туған жеріне жеткізілді.

Кеше оны ақтық сапарға шығарып салды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!