Ақмола облысында пара алған түрме бастығының орынбасарына 12 млн теңге айыппұл салынды

11:05, 22 қаңтар 2020

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ЕЦ-166/18 түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Р.Қожахметовке қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол бір азаматтан осы түрмеде жазасын өтеп жатқан ұлына қолайлы жағдай жасап, қамқорлық танытуы үшін электронды әмиянына 400 мың теңге көлемінде ақша аудартып, пара алды деп күдікке ілінді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

21 қаңтарда Қожахметовті Степногорск қалалық соты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, сот оны әділет майоры атағынан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!