Ақмола облысында «Өңірлік ономастика мәселелері» атты семинар өтті

16:28, 24 қыркүйек 2021

© Сурет: облыс әкімдігі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай ауданында "Өңірлік ономастика мәселелері" атты семинар өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – өзектендірілген "Тарихи тұлғалар" тізімін насихаттау, оны жұмыс барысында басшылыққа алу.

Семинарды Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төреғасы Ақан Абдуалиев жүргізді. Сонымен қатар іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ономастика саласымен айналысатын басқарма басшылары, Ақмола облысына қарасты барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысып, пікірлерімен бөлісті. Семинар барысында ономастика мәселелері толықтай талқыланып біәрқатар ұсыныстар айтылды.

Ономастика мәселесі бұл тек филолог-ғалымдардың немесе тілді дамыту басқармасы мамандарының шаруасы емес. Бұл белгілі тарихшылардың, географ мамандардың, жалпы халықтың, тұтас ұлттың мәселесі екендігі сөз болды. Комитет төрағасы бұл мәселенің ұлттық сипаты қашан да есте тұруы керектігін атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!