Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 мектеп салынып жатыр

10:24, 25 маусым 2017
429

Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша үш бірдей ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Аталған жобаның үшеуі де – апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептердің орнына салынып жатқан білім ошақтары. Олардың екеуі облыс орталығында болса, біреуі Бурабай ауданында. Қазір нысандарда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. 

Көкшетауда бой көтеретін мектептердің әрқайсысы 900 орындық. Құрылыс жұмыстары 2 жылға жоспарланған. 

Айта кетейік, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша былтыр шаһарда балабақша да пайдалануға берілген болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!