Ақмола облысында әкесі оқушы қызын хиджап кимегені үшін ұрып-соққан

09:59, 16 қазан 2019
674

Ақмола облысындағы мектеп оқушысы басына орамал таққаны үшін әкесінен теперіш көріп жүргеніне шағымданды. Сарапшылар бұл оқиғаның мән-жайын анықтағанша, оқушы қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Еуразия" Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Зеренді ауданының 15 жасар оқушысы қазір Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрады. 9- сынып оқушысы өзін үйдегілердің ұрып-соғатынын мектеп дәрігеріне айтқан. Қыз әкесінің өзіне дәстүрлі діни салтқа сай киінуге мәжбүрлеп, ұрып-соғатынын айтқан. Ата-анамен қандай да бір мәмілеге келу мүмкін болмай, ақырында мектеп әкімшілігі учаскелік полиция қызметкеріне жүгінді.

- Қыз бұл отбасында өмір сүргісі келмейтіні, хиджаб кигісі келмейтіні туралы шағымданды. Бізге, осы орталық қызметкерлеріне ата-аналармен кездесуге рұқсат берілмейді, өйткені психодиагностикалық ем-шаралар жүргізілуде, - дейді психолог Надежда Дербак.

Осылайша психолог кеңесі ескеріліп, сот ісі аяқталғанға дейін қыздың ата-анасымен жүздесуіне уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

"Оқиғаның мән-жайына сәйкес, "Неке және отбасы" туралы кодекс бойынша ата-ана мен баланың мүдделерінің қарама-қайшылығын ескере отырып, біз тергеу шаралары жүргізіліп бітпейінше ата-аналық құқығын пайдалануына уақытша тыйым саламыз", - деп түсіндіреді Зеренді ауданы білім бөлімінің бас маманы Жадыра Ділдабаева.

Дегенмен бет-аузын тұмшалап алған ана қызын хиджаб киюге мәжбүрлемегендерін айтады.

- Біздің тараптан ешқандай қысым болған жоқ. Біз оған барлық балалар сияқты бостандық бердік. Ол телефонмен көп уақыт өткізеді. Оның ең басты қателігі сол ғана. Ең бастысы, қызым, сен түсінуің керек: біз сені барлық қиыншылықтардан оқшаулағымыз келеді. Орамалсыз жүремін, мектептегі қосымша секцияларға барамын десең, өз еркің. Әрине, әкесі мұның бәрін төлей алса, әрине, - дейді мектеп оқушысының анасы.

"Қысым болды ма, болмады ма, ол жағы белгісіз, бірақ баланың денесінен көгерген орындар табылған, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор материал жинап жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қыз әлі ата-анасын көруге дайын емес. Кәмелетке толмағандарға арналған комиссия оның алдағы тағдырын шешуі керек. Ал Білім және ғылым министрлігі елімізде қазақстандық оқушыларға діни элементтері бар киім киюге тыйым салынатын тәртіп бар екенін еске салады. Қалай дегенмен де зайырлы мемлекетпіз ғой", - дейді телеарна тілшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!