Ақмола облысында бір кәсіпкер жоғалып кетті

12:24, 28 мамыр 2020

Ақмола облысында із-түссіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

25 мамырда Көкшетау қалалық полиция бөлімшесіне күйеуін іздеген 32 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз келіп түсті. 37-жастағы Имандинов Руслан Серікұлы 25 мамырда сағат 13:00 шамасында үйінен өзінің Toyota Estima көлігімен шығып, Щучинскі қаласына жұмысқа кеткен, бірақ содан ол үйіне оралмаған. Қазіргі уақытта оның қайда екендігі белгісіз, - дейді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары ер адамның жеке кәсіпкерлікпен айналысатынын анықтады.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 170-180 см, денесі мығым, шашын тықырлап алдырған. Үстіндегі киімі: сұр шорты, қара көйлек, қара кроссовка.

Осы факті бойынша полиция оқиға болған жерді тексерді, туыстары, достары және көршілерінен де жауап алынды, үйдің іші тінтіп қаралды, куәгерлер, оқиға куәгерлері сұралды және облыстық полиция департаментінің барлық құрамы оны іздеуге бағытталды.

Полиция хабар-ошарсыз кеткен Руслан Имандиновтың қайда екендігі туралы, жалпы ол жөнінде кез-келген ақпаратты білетін барлық адамдардан "102" шғыл байланыс желісіне хабарласуды сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!