Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

14:38, 19 ақпан 2020
279

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 19 ақпандағы бұйрығымен Владимир Малахов Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Владимир Михайлович Малахов 1977 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, Атырау мұнай және газ университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратурада 2002 жылдан бастап қызмет ете бастады. Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Атақ-шені - аға әділет кеңесшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!