Ақерке Ахметова Әділет вице-министрі болып тағайындалды
Ахметова Ақерке Естайқызы әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық салада жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015–2017 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры.
2018 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 19 сәуір 2024
Астанада Айкөл Манас ескерткішін салтанатты түрде ашылды
-
16:17, 19 сәуір 2024
Қонаев қаласының жаңа әкімі тағайындалды
-
15:59, 19 сәуір 2024
Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасы белгілі болды
-
15:45, 19 сәуір 2024
19 сәуірдегі саудада доллар түсті
-
15:13, 19 сәуір 2024
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды