Айтыскер ақынның желідегі мәлімдемесі елді қобалжытып жіберді

13:31, 16 шілде 2019

Айтыскер ақын, алтын домбыра иегері Жандарбек Бұлғақов өзіне тимейтін етіп, саясатты сынап желідегі парақшасына видео салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегілер ақынның тапқырлығына тәнті боп, қоғамдағы ащы шындықты тәтті арқылы дөп жеткізгені үшін өз алғыстарын жаудырған.

"Қазір жұрттың бәрі білетін бір шындық бар. Қазақстанды бәрі жеп жатыр. Басқа ұлттар да жеп жатыр, өзіміздің адамдар да жеп жатыр. Ешкімнің маған өкпелейтін жөні жоқ шығар деп ойлаймын. Мен де Қазақстанды жеймін. Және балаларыма да мүмкіндігінше соны жегізуге тырысамын. Кім жемей жатыр. Мүмкіндігі бардың бәрі жеп жатыр. Сондықтан ешқандай реніш болмасын ағайындар жеуді бастаймыз", деп "Қазақстан" шоколодын қолына алып, жей бастайды.

Ол өзінің бұл астарлы видеосын жемқорлық жойылсын деген хэштегпен тегтеп жіберіпті. Басында видеодағы ақынның ресми мәлімдемесін көріп, "бұған не боп қалды" деп қобалжыған жұрт, артынан бір ух дегенге ұқсайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#Мен де ояндым???? #үніңдіөшір???? #жемқорлықжойылсын Тəттіні жақсы көретіндер қайдаааа????

Публикация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz) 14 Июл 2019 в 2:50 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!