Айгүл Соловьева Алик Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

13:33, 12 сәуір 2021

© Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығымен Айгүл Соловьева агенттік төрағасының Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын сырттай талдау мен бағалаушы Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі қызметін атқарды.

Құзырлы ведомства Республикалық арнайы мониторингтік топтың агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт екенін атап өтті.

Соловьеваның басшылығымен арнайы мониторингтік топ республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Айгүл Соловьева - көптеген жылдар бойы Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері, - деп атап өтіп ведомствадағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!