Айдана Меденова ерекше стильдегі бейнебаянымен тыңдарманын қуантты

17:24, 15 қазан 2018

Айдана Меденова көптен бері “Тәтті дауыс” атты ерекше туындысы жайлы айтып жүр. Өнер иесі дәл бүгін жарыққа шыққан бейнеклипін асыға күткен. Себебі образы мен стилімен тәжірибе жасағанды ұнататын әнші бұл жолы тіптен бөлек жанрда ән салған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Тәтті дауыс” әнін Айдана отандық музыкалық фестивальдердің бірінде орындады. Сол күні-ақ, “Айданаторлар” (Айдананың фанаттары) аталған әнге қызығушылық танытып, бейнеклиптің жарыққа шығуын тағатсыздана күтті.

Аталған әнбаянда Меденовамен бірге басты рөлді тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан сомдаған. Әдетте Айдана бейнеклиптерінде өзіне ғашық жігіттерді көрсетеді. Бұл жолы керісінше. Айдана еден жуушы жігітке ғашық болып қалады.

Фанаттар армиясы Айдананың жаңа туындысына “ерекше” деп баға беруде.

“Осындай клиптер көп болсын”, “Ізденістен шаршамаңыз”, – деп қолдау білдірді олар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!