Айбек Нұғымаров әлемдік Гран-При жеңімпазы атанды

12:25, 17 маусым 2019
586

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында Ырғызбай Досханаұлы атындағы қазақ күресінен өткен әлемдік гран-при сынында қазақстандық Айбек Нұғымаров жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz Тарбағатай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Нұр-Cұлтан қаласында өткен “Қазақстан Барысының” жеңімпазы атанған балуан бұл жолы да бабында екенін көрсетті.

Әлемнің 28 елінен келген арыстан жүрек палуандар арасында ақтық сынға шығу Айбекке оңай болмады. Грузин палуанымен өткен жартылай финалдан кейін Айбекті ақтық сында өзбекстандық Мұқсин Хисамединов күтіп тұрған. Екеуінің күресі Ырғызбай Досханаұлы Ақсуаттың орталық стадионына жиналған жұртты орнынан тік тұрғызды. Айбек жеңімпаз атанды. Ал, грузиялық Георджи Катарадзе үшінші орынға табан тіреді.

Нәтижесінде 70 келі салмақта қола жүлдеге Молдова спортшысы Геордже Року, күміске қазақстандық Өскен Төлеубеков, ал алтын жүлдеге грузиялық Звиад Одошешвили ие болды.

80 келі салмақта бірінші орынды Тәжікстан спортшысы Хамроз Раджабо, екінші орынды грузиялық Каха Момулашвили, үшінші орынды қазақстандық Бекзат Манасбаев иеленді.

Жеңімпазға ұйымдастырушылар 2 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион, үшінші орын алған спортшыға 500 мың теңге табыстады.

Спортшыларды атақты боксшы Қанат Ислам, ақын Жүрсін Ерман, Ақсуат ауылының құрметті азаматы Тұрсын Тастекеевтер марапаттады.

Қазақ күресі турнирі аяқталғаннан кейін Qazaq Promotions компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Қазақстандық Елдияр Қамшыбеков, Нұрлан Сапарбай, Нұрсұлтан Аманжолов секілді қазақ боксшылары шаршы алаңға шығып, жұрт алдында өз өнерін көрсетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!