Ағылшындар энергетикалық дағдарысқа байланысты бассейнсіз қалуы мүмкін – БАҚ

14:59, 28 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Жүзу - Ұлыбританиядағы ең танымал қызмет түрі. Соңғы кездері қарыздар мен энергетикалық дағдарысқа байланысты елдегі бассейндердің көбісін жабу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Financial Times газетінің хабарлауынша, бұған экономикадағы локдаунның салдары және әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға байланысты электр энергиясы бағасының өсімі себеп болып отыр.

Басылым жүзу британдықтар арасында жоғары сұранысқа ие қызмет түрі екенін айтады.

COVID-19 пандемиясына дейін Swim England индустриясының ең ірі операторларының бірі 2030 жылға қарай Ұлыбританиядағы 4 мың бассейннің жартысына жуығы жабылады деп есеп берген еді. Бұл инфрақұрылымның тозуына және жөндеудің тиімсіздігіне байланысты екендігі айтылған.

Сонымен қатар, локдаун салдарынан туындаған проблемаларға электр энергиясы бағасының өсуі қосылып, жағдайды қиындатып отыр.

2019 жылдан бері қарай жиналған борыш пен энергеия қуаты бағасының 100-150% - ға өсімінен соң жабылыған бассейндер саны, бәлкім, қатты артады. Іс жүзінде кез-келген бассейнге жабылу қаупі тууы мүмкін", - деп ескертті Swim England компаниясының басшысы Джейн Никерсон.

Операторлар күрделі жағдайды шешу үшін қызметкерлер санын азайту, бассейндердегі судың температурасын төмендету арқылы көрсетілетін қызметтер көлемін шектеуге ниетті. Сонымен бірге, басылымның жазуынша, қызмет операторлары қабылданған шаралар бір нәрсені түбегейлі өзгертуге көмектесетініне күмән келтіреді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!