Агрогектар: Ақтөбеде көкөніс өсіремін деген адамдарға суармалы жер жалға беріледі

12:55, 22 ақпан 2019

Ақтөбе облысы бойынша суармалы жердің әр гектары 100 мың теңгеге жалға беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz Aktobenews.kz баспасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша "Агрогектар" жобасы іске асырылып жатыр. Биыл Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, темір, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында суармалы жер телімдері жалға беріледі. Кез келген адам жерді жалға алып, көкөніс, дәнді дақыл еге алады.

"Агрогектар"— әлеуметтік жоба. Ақтөбе облысы тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қолданылмай жатқан жерді "Ақтөбе" ӘКК" АҚ-ның балансына алып, инфрақұрылым жеткізіледі. Тамшылап суары әдісіне қажетті барлық құрал-жабдық сатып алынады. Кез келген адам 1 гектардан 100 гектарға дейін алып, көкөніс еге алады. 1 гектары — 100 мың теңге. "Ақтөбе" ӘКК" АҚ-ның шығыны 1 гектарға 300 тың теңге. Салынған қаржы 3 жылда кері қайтарылады», — деді "Ақтөбе" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Ануар Маханов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!