Ағайынды Рысқалиевтердің шетелдегі ақшасы бұғатталды – Бас прокуратура

16:42, 19 қыркүйек 2019
344

Бергей мен Аманжан Рысқалиевтің 13 миллион доллар көлеміндегі ақшасы шектеуге қойылды, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әзірге қашқындардың бәрін бірдей әділ соттың қолына бере алмай отырмыз. Мәселен, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның бауыры қашып жүр. Олар қызметке келген алғашқы күндерінен бастап қылмыстық топ құрды. 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін олар жүйелі түрде мемлекеттік мүлікті өз адамдарына төмен бағамен сатты, әлеуметтік нысандар құрылысының құнын асыра көрсетті, аса ірі көлемде пара алды және қылмыстық мақсатта ресми құжаттарды қолдан жасады. Сол қылмыстық топтың мүлкін іздеу және тәркілеу жалғасуда. Шетелдегі 13 миллион доллары бұғатталды. Енді оны тәркілеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Нұрпейісов.

Ол экс-әкімнің нақты иерархиясы және нақты рөлдері бөлінген бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтары болғанын еске салды.

- Сондай топтардың бірін Бергей Рысқалиевтың қайын ағасы Әлбақасов басқарған. Олардың бір-ақ мақсаты болған – газ тарту, электр желілерін тарту, сумен жабдықтау нысандарында, тұрғын үй құрылысы, көпір өткелдері мен канализациялық тазарту қондырғыларында және басқа да әлеуметтік нысандардан бюджет қаражатын ұрлау, - деді Бас прокуроратура өкілі.

Рысқалиевтің өз сөзінше, ол аймақтың ірі кәсіпкерлерінен ақша боспалап, кәсіпкер Мералиевтің үш фирмасындағы үлесін өз адамдарына қайта тіркеген.

- Жалпы 71 эпизод дәлелденді, 72 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді. Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, Рысқалиевтың қылмыстық топтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастыруда. Қазірге дейін сот үкімімен 185 нысан тәркіленді, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шоттарындағы ақша тәркіленді. Мемлекет пайдасына 44 миллиард теңгеден астам шығын өтелді, - деп түйіндеді Нұрпейісов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!