АӘК құжаттарын ХҚКО-да қабылдайды деген ақпарат жалған

11:20, 21 қаңтар 2020
293

Әлеуметтік желілерде таратылған ХҚКО-да АӘК құжаттарын қабылдау туралы ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап төленеді, АӘК алатын отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілетін болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!