Адамдары өліп, өтірігі ашылған Алматы полициясында үш бастықтың басы ұшты

10:51, 27 мамыр 2020

ҚР ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте болған қайғылы оқиға мен одан кейінгі масқара жағдайларға дұрыстап қайта қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеке құраммен жұмыс дұрыс жүргізілмеген, бетімен кеткен қызметкерлерге дер кезінде шаралар қолданылмаған.

Баспасөзге өтірік ақпарат бергендердің әрекеті де жөн болмаған.

Қызметтік тексеру нәтижесінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бастықтар қаратын жататын 9 қызметкерге қарсы тәртіптік шара қолданылды.

Алматы ПД патруль полициясы полкі командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Сатаев К.Е.,

Алматы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі О.Мырзабеков,

Алматы ПД Жеке құрам жөніндегі инспекция бастығы, полиция подполковнигі Ақылбеков А.О. – кызметтерінен босатылды.

Алматы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Саттаров М.А. (бұған дейін полк командирі болған),

Алматы қалалық Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О.Көкірекбаев,

Алматы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Нашарбеков – қызметіне жартылай сай еместігі туралы ескерту алды.

Қызметті ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды:

- Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н.Алмасбековке,

- Алматы ПД бөлім бастығы, полиция подполковнигі С.К.Әзірбекке,

- Алматы ПД бастығы, полиция генерал-майоры К.Д. Таймерденовке.

- Әрбір басшы өзіне бағынышты адамдарға жауап береді. Ол қызметкерлер арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Алматы қаласының полиция департаментінде бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылдық, бір қызметкер ауыр жарақат алды. Бұл бәріміз үшін, әсіресе туыстары мен достары қайғылы оқиға және орны толмас шығын. Сондықтан осы төтенше оқиғаға жол берген басшыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. ІІМ басшылығы қызметтік тәртіпті сақтауды, полиция қызметкерлерінің кез келген бұзушылықтарына принципті баға беруді және жаңа жағдайда жұмыс істегісі келмейтін немесе жұмыс істей авлмайтындардан өз қатарын тазартуды қатаң талап етеді, - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!